Қағаз зауыты табиғатты ластап жатыр
Қағаз зауыты табиғатты ластап жатыр
756
оқылды

Былтыр Қарағанды облысында 1021 стихия­лық қоқыс үйіндісі анықталды. Оның 834-і сол уақытта тазартылды. Бұл қалдықтармен күресу­дің бірден-бір жолы тұрмыстық қалдықтарды қай­та өндеу болатын. Әрине, қоқысты бөліп жи­нау керек. Ал қайта өндеу үшін зауыттар са­лы­нады. Соның бірі Қарағандыда ашылды. Жа­қында әңгімеге арқау болып отырған Қара­ған­дыдағы қағазды қайта өңдейтін комбинат дауға қал­ды...

Былтыр қалай еді, биыл қалай?

Қоқыспен күресуді қолға ал­ған Қарағанды облысының әкімі Же­ңіс Қасымбек 2020 жылдың та­мыз айында аппарат отыры­сын­да «Адам­дар, тіпті «Қарағанды – Қа­зақстанның қоқыс қаласы» де­ге­н мем-ақпарат жасады» деп шен­ділерге шүйліккені бар. Со­нымен қатар қалалардың тұрғын аула­ларында қоқыс жинау және елді ме­кендердің маңындағы сти­хия­лық қоқыс үйінділерін жою бо­йын­ша жұмыстарды сынады. Өйт­­кені облыста жылдың басы­нан 1021 стихиялық қоқыс үйін­дісі анық­талды. Олардың 834-і жойылды. Өңір басшысы сонымен бірге көпқабатты үйлердің аулала­рын­дағы контейнерлік алаңдардың таза емес күйіне назар аударды. – Күн сайын маған адамдардан әлеуметтік желілерде жазған кем­шілік фактілері туралы есеп келіп отырады. Шағымдардың көбісі қоқыс шығаруға қатысты. Бірде-бір өңірде мұндай жағдай жоқ. Оңтүстік Шығыстағы Степнойда не болып жатыр? Кеше мен Май­құдықта болдым. Ол жақта жақсы ма десем, жоқ қынжыларлық жағ­дай. Адамдар, тіпті «Қарағанды – Қазақстанның қоқыс қаласы» де­ген мем-ақпарат жасаған, – деді өңір басшысы. Осы жылы да бұл қоқыс мә­селесі мазамызды алды. Алғашқы сегіз айдың өзінде Қарағанды облысында мыңнан астам қоқыс орны анықталды. Экологтер рейд барысында Фёдоров су қоймасына барып, бір ай бұрын волонтерлер тазалап кеткен аумақтың қайта ластанғанын байқады. Айта кет­кен жөн, Федоров су қоймасы – қала тұрғындарына демалуға рұқ­сат берілген екі орынның бірі. Де­­малуға келгендер карантин тәр­ті­бін бұзып қана қоймай, ау­мақта қоқысты да көбейтіп отыр. Өйткені отырған орындарын жи­намайды. «Енді мұндай оңды-сол­ды қоқыс тастағандар үшін айып­пұл көлемі біршама өсті», – дейді экологтер.

Қатысы болмаса, айыппұл неге төлейді?

Әрине, қоқыспен күрестің тиімді жолы қайта өндеу зауыт, комбинат не цех ашу. Оған да мил­лиардтаған қаржы кетеді. Түр­лі жобалар да қолға алынып жатыр. Бірақ нәтиже берер емес. Олай дейтініміз, Қарағандыда қа­ғазды қайта өңдейтін комбинат өкілдері мен тұрғындар арасында дау ушығып тұр. Кәсіпорын ашыл­­ғанда халық қуанған. Алайда өндіріс іске қосылғалы осы маң­дағы шағын көлшік лайланып, айналаны күлімсі иіс жайлап ал­ған. Жергілікті тұрғындар қолқа­ны қабатын иіске уланып болдық, оның үстіне көлшіктегі су күн са­йын лайланып, мал ауыз сал­майтын болды деп ала жаздай шағымданған. Кейін мәселеге облыстық қо­ғамдық кеңес араласып, мәселе­нің анық-қанығын біле бастайды. Артынша Экология депар­та­­мен­ті өкілдері де тексеру жүргізді. Бел­гілі болғандай, кәсіпорын өкіл­­дері ұзындығы – 70, ені – 5, те­реңдігі 6 метрге жуық арықты өз бетінше қазып алған. – Тексеру барысында анық­тал­ғаны – кәсіпорын жұмысында су пайдаланады. Оның циклі айналмалы. Пайдаланады, артық су қазып қойған котлованға ағы­зылып, қайта алып отырған. Тек­серіс барысында қазған котлован, төккен судың еш рұқсаты жоғын анықтадық, – дейді Қарағанды облыстық Экология департа­мен­тінің бас маманы Аян Оспанов. Қарағанды облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Гүлнар Құр­бан­баева болса: «Бұл – көлшік табиғи емес, шах­таның орнында пайда болған су. Салдарынан метанмен арала­сып осындай жағымсыз иіс шы­ға­рып тұр. Енді ол табиғи түрде ғана ақырындап қалыпқа келуі мүмкін. Ал зауыт енді тек талапқа сай жұмыс істейміз деп отыр. Яғни, экологиялық нормаларды сақ­тап, су пайдалану жүйесін жа­самақ. Кәсіпорын өкілдері эко­ло­гиялық заңнамаларды білмей қал­дық деп, жауаптан жалтармақ», – дейді. Целлюлоза-қағаз комби­на­ты­ның директоры Вадим Горохов­ский: «Бір тонна қағазды қайта өң­деу үшін кемі 25-30 тонна су керек. Біз суды циклді түрде қайта пайдаланып отырамыз. Қазір ар­тық қалған су кәсіпорында қалып, тазартылып отырады. Мына көлшікке мүлде қатысымыз жоқ» деп ақталып әлек. «Қатысы болмаса әкімшілік заңнаманың бірнеше бабы бо­йынша жауапқа тартылып, 2 млн теңгеге жуық айыппұлды неге төлейді?» деген заңды сұрақ туындайды. Қазір арнайы жоба жасалып, жер толық қалыпқа келтірілмекші. Бұдан бөлек, Экологиялық де­пар­тамент тарапынан Қарағанды қа­ғаз комбинатына заңсыз әре­кетін тоқтату бойынша талап арыз жі­берілген. Ол сотта қаралып жа­тыр. Егер шешімі экологтер та­ра­пынан шешілсе, кәсіпорын нормаға қай­шы келетін барлық жұмыстарын жөндемегенше жұмысын тоқта­туына тура келетін болады.  

Түйін:

Әрине, тазалық керек. Сонымен бірге табиғатты ластай­тын, жылдар бойы жерде жатып, іріп-шірімейтін қоқыстарды жинап қайта өндеуіміз керек. Бірақ сол зауыт не цехтың жанында тұратын халықты неге ойламайды екен? Сұрақ көп, жауап болса!

 

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ, Қарағанды облысы