Алайда «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өткен астанада әлі де үйде той-томалақ өткізуге болмайды.
Asyq қосымшасына тіркелген қоғамдық тамақтану орындары, дәмхана, мейрамханалар үзіліссіз жұмыс істейді. Asyq қосымшасы бар ойын-сауық орталықтарына баруға болады.
Офистегі жұмысқа тек вакцина алған қызметкерлер шығады. Соңғы үш айда коронавирус жұқтырып, екпе қабылдамаған азаматтар да жұмысқа бара алады. Бірақ міндетті түрде әлгі адамның сынамасы теріс нәтиже көрсетуі тиіс. Бұрын коронавируспен ауырған қызметкер әр апта сайын ПТР сынамасын тапсырып отыруы қажет.