Астанада жалған доллар өткізбек болған алаяқ ұсталды
Астанада жалған доллар өткізбек болған алаяқ ұсталды
Фото: project.1obl.ru

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдіктінің сыбайласы да ұсталды.

«Биыл 28 қазанда Қаржылық мониторинг агенттігі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері жалған доллар өткізу кезінде астана тұрғынын ұстады. Тергеу барысында бірнеше рет номиналы 50 АҚШ долларын құрайтын жалған купюраларды спорттық ойындарға ұтысқа салғаны анықталды. Сондай-ақ оның екі сыбайласы ұсталды. Олардың үйінен жалған 7,6 мың доллар анықталды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу соты жоғарыда аталған тұлғаларға 2 ай мерзімге «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады» делінген хабарламада.

Агенттік жалған банкноттарды анықтаған кезде дереу сенім телефонына хабарлауға шақырады +7 7172 708 478.

Бұған дейін клиенттерге 4 мың еуро жалған ақша берген банк қызметкерлері сотталғаны туралы жазған болатынбыз.