Алматыдағы бес адамның өлімі: сот банк талабын қанағаттандырмады  
Алматыдағы бес адамның өлімі: сот банк талабын қанағаттандырмады  
Фото: firestock.ru
123
оқылды

Банк Алматыда бес адамды атып тастаған Игорь Дужновтың отбасының мүлкін пайдалануға кедергі жасамауды сұрады.

Бостандық аудандық сотының мәліметінше, бұған дейін банк Дужновтың әйелі Анаид Демирчянның кепілге қойылған мүлкін аукционда жеңіп алған. Оған жер телімі бар тұрғын емес үй-жай тиесілі. Биыл 30 сәуірде банк бұл нысанға меншік құқығын тіркегені айтылды.

«Демирчян іс жүзінде және заңды түрде даулы мүлік иесі болмаса да, оған талап қойылған. Сонымен қатар Демирчян банкке меншік иесі ретінде тұрғын емес үй-жайларды пайдалануға кедергі келтіретіні туралы сотқа ешқандай дәлел келтірілмеген», – деді сот өкілі.

Сот мүлікті төрт жеке тұлға жалға алғанын анықтады. Бұрынғы иесі Демирчян мүлікті үшінші тұлғаларға жалға бергені айтылды. «Сонымен қатар, жалға беру шарттары банк тарапынан дауланбады. Олар Демирчянмен банк меншік құқығын тіркегенге дейін, яғни заңды түрде ұзақ мерзімге, дәлірек айтсақ, 12 айға жасалған. Осыны ескере отырып, шешім қабылдау кезінде сот талапкердің талабы орынсыз, яғни дұрыс жолды таңдамаған деген қорытындыға келді. Шағым қабылданбады. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ және оған тараптар шағым жасай алады» делінген хабарламада.

Оқиға биыл 20 қыркүйекте Алматы қаласында болды. Қарызы бар Игорь Дужнов бес адамды атып өлтірді.