"17 жастағы қызды 17 адам зорлаған": Ерлан Тұрғымбаев қызға қатысты мәлімдеме жасады
"17 жастағы қызды 17 адам зорлаған": Ерлан Тұрғымбаев қызға қатысты мәлімдеме жасады
© azh.kz
370
оқылды
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сарыағаштағы оқушы қызды зорлау ісіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сіз оны 17 ер адам зорлағанына сенімдісіз бе? Қыз жоғалып кетті, ол тәулік бойы үйде болмаған. Жедел іс-шаралар барысында табылып, анасына қайтарылды. Сол күні шағымдар мен өтініштер болған жоқ. Бір күннен кейін шағым түсті. Содан кейін қыздың анасы арызданудан бас тартып, нотариалдық түрде сенімхан берді», - деді Ерлан Тұрғымбаев Мәжіліс кулуарында БАҚ өкілдерінің сұрағына орай.
Оның айтуынша, кейін әлеуметтік желіде қызу талқыланған аталмыш оқиғаға қатысты тағы бір өтініш тіркелген.
«Бірнеше күннен кейін әлеуметтік желілерде 17 ер адам зорлады деген мәлімет пайда болды. Ол өтініш тіркелді. Біз тексеруге міндеттіміз. Жәбірленушіге бірқатар медициналық сараптама жүргізіледі. Осы тексерудің нәтижесі бойынша шешім қабылданады», - деді министр.
Бұған дейін Түркістан облыстық Полиция департаменті 17 жастағы қызды 17 адам зорлады деген мәлімет тарап кеткенін хабарлаған болатын.