Ақмола облысында үй өртеніп, 84 жастағы кейуана көз жұмды
Ақмола облысында үй өртеніп, 84 жастағы кейуана көз жұмды
309
оқылды
Ақмола облысының Макинск қаласында өрт кезінде зейнеткер әйел қаза болды, деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. Қайғылы оқиға 2 қараша түстен кейін болған. Бұланды ауданындағы төтенше жағдайлар бөліміне «101» телефоны арқылы 16 сағат 05 минутта хабарласқан адам Куйбышев көшесінде тұрғын үйден өрт шыққанын хабарлаған.
«Оқиға орнына дереу төтенше жағдайлар қызметінің 1 өрт сөндіру техникасы мен 7 сарбазы аттанды. Өрт сөндірушілер жеткенде үй ішіндегі жиһаздарды өрт шалғаны анықталған. Тілсіз жауды сөндіру кезінде ас бөлмесінен 84 жастағы үй иесі, кейуананың мәйіті табылды. Өрт жалпы аумағы 20 шаршы метр аумақты шарпыған. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Оқиға орнында Бұланды ауданы полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы мен өрт сөндірушілердің сынақ зертханасы жұмыс істеп жатыр», - дейді Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы