17 жасар қызды 17 адам зорлаған: Түркістан облысының бас полицейі оқиғаға қатысты пікір білдірді
17 жасар қызды 17 адам зорлаған: Түркістан облысының бас полицейі оқиғаға қатысты пікір білдірді
©astanatv.kz
482
оқылды
Түркістан облысында 17 адамның 17 жастағы қызды зорлау әрекеті бойынша өңірдің бас полицейі пікір білдірді. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында хабарлады.  Қайрат Дәлбековтың айтуынша, жәбірленушінің анасы күдіктілерден 8 миллион теңге алғанын өзі хабарлаған.
«Әлеуметтік желіде Сарыағаш ауданында 17 ер адамның қызды зорлағаны туралы ақпарат шыққаны белгілі. Осы ауданға жеке өзім барып, қыздың анасымен және өзімен адвокат пен журналистің қатысуымен кездестім. Тергеу барысында сот-медициналық сараптама орталығының қызметкерлері зорлық-зомбылық дерегін жоққа шығарды. Сондай-ақ анасы қызының киімін өз қолымен өртегенін мойындады. Осыған байланысты сарапшылар сараптама жүргізе алмады. Оған қоса, күдіктілерден 8 миллион теңге алғанын да анасы өзі хабарлап отыр. Сондықтан жыныстық қолсұғылмаушылығына қатысты қылмыстық істерді тергеу кезінде тергеу күдіктілердің кінәсін тек сараптама нәтижелеріне сүйене отырып анықтауға болатынын түсіндіргім келеді. Яғни, бұл істе сараптама аса маңызды, сол арқылы зорлық болған-болмағаны анықталады. Қазір бұл іс Түркістан облыстық Полиция департаменті Тергеу басқармасының өндірісінде. Сараптама кешені тағайындалды. Нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады», - деп жазды облыстық Полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков.