6 қалада қоқыс өртейтін зауыт салынады – министр
6 қалада қоқыс өртейтін зауыт салынады – министр
Фото: 24.kz

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Үкімет отырысында қоқыс жағатын зауыттардың құрылысы туралы айтты.

«Қалдықтармен жұмыс істеу мәселесіне көшейін. Түзілген қатты тұрмыстық қалдықтар көлемін айтарлықтай қысқарту үшін заңнамалық деңгейде Waste to Energy тетігі енгізілді. Қоқыс жағатын зауыттар салу үшін 6 қала анықталды. Алғашқы аукциондық сауда-саттық өткізілді. Инвестор анықталды. Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады. Жеке инвестициялар 292 млрд теңгені құрайды», – деді министр.