Алматыда ер адам бөтен біреудің көлігінен 20 млн ұрлап кетті
Алматыда ер адам бөтен біреудің көлігінен 20 млн ұрлап кетті
Фото: Polisia.kz
357
оқылды
Алматыда ұры сканер көмегімен бөтеннің көлігін ашып, одан 20 миллион теңге алып кеткен, - деп хабарлайды Polisia.kz сайты. Бұрын қылмыс жасағаны үшін сотталған Қарағанды ​​облысының 51 жастағы тұрғыны күдікке ілінген.
"Оқиға 28 қазанда сағат 10:30-да болған. Т. есімді азамат Гоголь мен Төлебаев көшелері қиылысында тұрған Mercedes көлігін заңсыз ашып, 20 миллион теңге ақша ұрлаған. Күдікті Қарағанды ​​облысында ұсталды. Ер адам ұрланған ақшаның бір бөлігін жеке жұмсап үлгерген. Қалғаны тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша Медеу аудандық ПБ тергеп жатқан қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді", - деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
Күдікті дабыл жүйесін сканерлеу арқылы көлікті ашқан. Бұл қылмысқа басқа да тұлғалардың қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.