Игі істер бастамасы
Игі істер бастамасы
371
оқылды

Қазақстан Тәуел­сіз­дігі­нің 30 жылдығына орай жыл ба­сынан бері Ақмола облы­сы бойын­ша «30 игі іс» ұра­ны­мен әлеуметтік және қайы­­­­рым­дылық іс-шара­ла­ры ұйым­дас­тыры­лып жа­тыр. Мейірімділік эстафетасына «Nur Otan» партиясының мү­ше­лері, депу­тат­тар, жалпы, ауыл, аудан, қала тұрғын­дары белсене қатысты.

Олар жалғызбасты зейнет­кер­лер мен ардагерлерге, көп­ба­лалы және мұқтаж отбасыларға, сондай-ақ өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау біл­діріп, көмек көрсетті. Мәселен, осы жолы зерен­ді­лік депутаттар Асқар Байқанов пен Әсемгүл Әшімова партия­ның «Кедергісіз келешек» және «30 игі іс» жобалары аясында мүм­кіндігі шектеулі азаматтар ара­сында өткен аудандық спар­та­­­­киаданың демеушілері ретінде ын­таландыру сыйлықтарын алып беруге көмектесті. Атбасар ауданында «Жан­қа­да­мов» жеке кәсіпкерлігі мүм­кін­­дігі шектеулі екі азаматқа 100 мың теңгенің дәрісін алып беру­ге көмектессе, «Дента-Сервис» тіс емханасы мүмкіндігі шек­теу­лі бір азамтқа тегін қызмет көр­се­тіп, тісіне протез орнатты. Сон­дай-ақ партиялықтар мұқ­таж жандарға азық-түлікпен де көмек­тесіп тұрады.

Би-Барыс КӨКШЕ