Елімізде өту керек болған ерлер мен әйелдер арасындағы ММА бойынша әлем чемпионаты Әбу-Дабиге ауыстырылды. Бұл туралы Ресейдің ММА одағының президенті Радмир Габдуллин мәлімдеді.
Бастапқыда турнир қараша соңы мен желтоқсан басында Нұр-Сұлтанда өтеді деп жоспарланған еді. Енді турнирдің уақытын қаңтардың соңына ауыстырды.– ММА-дан әлем чемпионаты 2022 жыл 24-29 қаңтар аралығында Әбу-Дабиде өтеді. Уақыты мен орны пандемияға байланысты мәжбүрлі түрде өзгертілді. Бұл Ресей құрамасы үшін қиындықтар тудырады, спортшылар Қазақстанның климаттық жағдайына желтоқсан айына дайындалды. Турнирдің бекітілген бюджеті мен демеушілер қаражаты тағы бар. Енді ыстық жерге барамыз, қосымша оқу-жаттығу жиынын өткізу керек болады, – деді Радмир Габдуллин.
А.ЖАСАН