Жастар – мемлекет резерві
Жастар – мемлекет резерві
374
оқылды

Президент Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Президенттік жастар кадр резервінің осы өңірдегі өкілдерімен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президенттік жастар кадр ре­зер­вінің бірқатар өкілі, атап айт­қан­да Ертіс ауданының әкімі Аян Бейсекин, «Nur Otan» партиясы об­лыс­тық филиалы төрағасының бі­рінші орынбасары Илья Терен­чен­ко және «Екібастұз МАЭС – 2» АҚ директорлар кеңесінің мү­шесі Дамир Сүйентаев Мем­ле­кет басшысының алдында сөз сөй­леп, беріліп отырған мүм­кін­дік үшін алғыс айтты. Олардың ай­туынша, Президенттік жастар кадр резервін құру, ауыл әкімдерін сайлау сияқты бастамалар жас­тар­ға жол ашып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев жас­тар­дан өңірдегі өзекті мәселелер ту­ралы сұрап, кадр резервінде бо­­­­лудың жауапкершілігін атап өтті. – Жастар кадр резерві деге­ні­міз – мемлекеттің резерві. Мәселе үл­кен бастық болуда емес, резерв өкі­лі болудың мәні – ел үшін аян­бай еңбек етуде. Мемлекеттің да­муы жолында өздеріңіздей ма­ман­дар қажет. Біз бүгін осы өңір­де­гі және еліміздегі түйткілді мә­се­лелерді ашық талқыладық. Со­ны жүзеге асыруға сіздердің кө­мектеріңіз қажет болады. Бар­лық бастамаларыңызға табыс ті­лей­­мін, – деді Қазақстан Пре­зи­ден­ті.