Қазақстанда 3300-ден астам адам орган ауыстыру кезегінде тұр
Қазақстанда 3300-ден астам адам орган ауыстыру кезегінде тұр
Фото: news.liga.net
270
оқылды

Елімізде орган ауыстыру кезегінде тұрған 3300-ден аса адамның 105-і бала. 200-ден аса адам кезегі келместен, көз жұмған, – деп хабарлайды AstanaTV.

Cенат депутаты Ақмарал Әлназарова Үкіметке депутаттық сауал жолдады. Оның айтуынша, Қазақстанда трансплантологияға кезек өте баяу жүреді. Оған қоса, пациенттердің саны да артқан. Ол халыққа донорлық туралы ақпаратты дұрыс жеткізе білу керек екенін айтты. Депутат Қазақстандағы трансплантологияның дамуын тежейтін негізгі себептерге тоқталды. Қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаның жетілмегендігі, донорлық стационарлардың материалдық-техникалық базасының төмендігі, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің құқықтық тұрғыда қорғалмайтынан айтты. Сондай-ақ, донорлық органдар мен трансплантация бригадаларын аудандардан орталыққа уақтылы, қауіпсіз жеткізудің техникалық қиындықтары бар екенін атап өтті.

Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова:  «Осы жағдайларды ескере отырып, Үкімет ел ішіндегі трансплантологиялық қызметті жақсартуға, дамытуға қолғабыс болса. Сонда ғана Қазақстанда аталмыш мәселе шешімін табады деп үміттенеміз», – деді.

Бұған дейін әлеуметтік тұрмысын түзеу үшін бүйрегін сататындар туралы жазған болатынбыз.