Субсидияға қатысты жемқорлық: Ауыл шаруашылығы министрлігі жауап берді
Субсидияға қатысты жемқорлық: Ауыл шаруашылығы министрлігі жауап берді
Фото: kapital.kz
183
оқылды

Ауыл шаруашылығы министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізіп жатқан тексеруге қатысты мәлімдеме жасады.

«Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидиялау тетіктерін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен бірлесіп, анықталған проблемаларды жүйелі түрде қарайтын және шешу жолдарын әзірлейтін арнайы жұмыс тобы құрылды. Биыл 9 тамыз бен 20 қыркүйек аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді. Тексеру мерзімі екі рет 30 қыркүйекке дейін және 15 қазанға дейін ұзартылды. Тексеруде анықталған олқылықтарды жою бойынша нақты ұсыныстар әзірленді» делінген министрлік мәліметінде.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығын субсидиялау барысында жымқырылған қаржыны тергеу жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізуді тапсырған болатын.