«Бекет ата» кітабы  ағылшын тілінде жарық көрді  
«Бекет ата» кітабы  ағылшын тілінде жарық көрді  
971
оқылды

Осы мақсатта Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті ел иесі, жер киесі Пір Бекет ата туралы Ислам қажы Мырзабекұлы құрастырған «Бекет ата» кітабын ағылшын тіліне аударып, жарыққа шығарды.

«Болашақ» бағдарламасының түлектері ағылшыншаға аударған кітаптың таныстырылымында   сөз алған Ақмешіттегі «Бекет ата» мешітінің имамы Ислам қажы Мырзабекұлы Пір Бекет атаның қасиетін, жер асты мешіттері мен ұрпақтары туралы айтып, өзі құрастырған кітаптың әлем елдеріне ортақ тілге аударғандарға алғыс айтты.    width= Пір Бекет ата туралы Ислам қажы Мырзабекұлы құрастырып, журналист Гүлжан Елешова орыс тіліне аударған кітапты ағылшын тілінде жарыққа шығаруда Басқарма Төрағасы-ректор Гүлзада Тәңірбергенқызы бастаған университет қызметкерлері - «Болашақ» бағдарламасының түлектері - Дархан Құралханов, Қанат Оразалиев, Құралай Әділбек, Малика Серікбаева, Динара Рысбекова, Дамир Маштахов, Аида Тазабекова, Гүлзада Ибраева, Рүстем Акимовтер аудару жұмысына қатысты. Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің Басқарма төрағасы-ректор Гүлзада Тәңірбергенқызының айтуынша, биылғы оқу жылында студенттердің бойына патриотизм сезімін қалыптастыру, адамгершілік және рухани тұрғыда дамыту, таланттарды қолдауға бағытталған «Кемел тұлға» жобасы басталған. Бүгін ұйымдастырылып отырған  дарынды студенттерден құралған «Сезін» арт-клубының іс-шарасы да осы мақсат жолындағы алғашқы қадам.    width= – Біздің университетімізде жұмыс істеп жүрген «Болашақ» бағдарламасының түлектері, бірнеше шетел тілдерін білетін дарынды жастар киелі мекен Ақмешітке барған сапарымызда «Бекет ата» кітабын ағылшын тіліне аудару туралы шешімге келген болатын. Сол мақсат орындалып, бүгін жаңа кітап оқырманға жол тартып отыр. Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап қана қоймай, бабалар жүріп өткен шежірелі жолға деген құрметімізді осындай жұмыстар арқылы көрсету – перзенттік парызымыз деп білеміз,- дейді Гүлзада Тәңірбергенқызы. Түбіне ақыл-ойдың жете туған, Жарқырап қатарынан өте туған, Ақмаңдай, асыл ару ай дидарлы, Бекеттің қарындасы тете туған, - деп ақын Нұралы Әжіғалиев жырға қосқан Ақмаңдай әже Мырзағұлқызы – Нарын топырағында мәңгілік тыныстап жатыр. Ақмаңдай әженің алтыншы ұрпағы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің география, туризм және су ресурстары кафедрасының меңгерушісі Арман Закарьяұлы Ақмаңдай әженің шыққан тегі, ұрпақтары туралы деректермен бөлісіп, қоғам қайраткерлері Мақсым Ізбасов, Рашиля Мүрсәлиевалар мен шараға қатысқа қонақтар Бекет Ата туралы, халықтың атаға деген ықыласын ерекше айтып өтті. Университеттегі «Сезін» арт-клубының мүшелері Бекет атаға арналған өлеңдерді оқып, домбырашылар ансамблі өнер көрсетті. Ақын Бекемкүл Батырбекованың сөзіне жазылған Гүлмайдан Сүндетованың  «Асыл әже – Ақмаңдай» әні автордың орындауында шырқалды. Кітаптың таныстырылымын ұйымдастырушылар мен қонақтар тарапынан сый-құрметтер көрсетілген іс-шараны Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебеп кітапханасы мен  Ш.Сариев атындағы облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің көрмелері айшықтап тұрды.