Қытай елінен шыққан ұлты қазақ Мақсат Қайсар аралас жекпе-жектен DWCS-да канадалық Ахилес Эстремадурамен күш сынасты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жекпе-жек нәтижесінде қазақ жігіті төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. Ал кездесуден кейін UFC президенті Дана Уайт оған келісімшарт ұсынды.
«Ол өте мінезді жігіт, соққыларды да жақсы көтереді. Жағына бірнеше ауыр соққы жіберіп алғанмен ауырсынған жоқ. Ол өзімізге шақыратын спортшылардан әлдеқайда жас. Ол небәрі 21 жаста. Бірақ бүгінгі мықты қарсыласына қарсы көрсеткен күшінен кейін оған бәс тігетін боламыз», - деді Дана Уайт.
Ұлты қазақ Мақсат жеңіл салмақта өнер көрсетеді. Сол сияқты ресми түрде Қытайдың Чэнду қаласының атынан шығатыны белгілі.