Нұр-Сұлтан қаласында ер адам аквапаркте құлап, ауруханаға түсті
Нұр-Сұлтан қаласында ер адам аквапаркте құлап, ауруханаға түсті
Фото: Zakon.kz
5,186
оқылды
Ер адам Нұр-Сұлтан қаласында аквапаркте құлап, ауруханаға түсті. Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 4 қарашада Ailand аквапаркінде болған. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде тараған. Құқық қорғау органдары Қылмыстық кодекстің 306-бабы "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен адам ауруханаға түрлі жарақаттармен ауыр халде түскен.
"Дереу стационарлық медициналық көмек көрсетілді. Медицина қызметкерлерінің жылдамдығының арқасында қазір зардап шеккен науқастың жағдайы орташа қалыпқа келді. Есін жиды, дәрігерлердің бақылауында", – деп атап өтті басқармада.