Атыраулық студентке Президенттен хат келді
Атыраулық студентке Президенттен хат келді
Ел Президентінен атыраулық студент  Абай Нұрсұлтановқа хат келді. Абай Нұрсұлтанов 2016 жылы Атырау қаласындағы №38 мектеп-лицейдің 9-сыныбын бітірген. Ал 2017 жылы Чех Республикасындағы колледжге оқуға түскен. Қазір чехиялық колледждегі халықаралық қатынастар факультетінің 4-курс студенті. Биылғы ақпаннан бері қашықтан білім алып жүр. ҚазАқпараттың хабарлауынша, жақында Президентке жастарға көрсетіліп отырған қолдау үшін хат жазған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың хатында «Құрметті Абай! Тәуелсіздік жылдарында біз өзімізге деген сенім тұрғысынан белсенді өмір сүретін патриот, мақсаты айқын және жауапты жастар ұрпағын өсірдік. Дәл Сіздердің қатарларыңыз – Тәуелсіздіктің 30 жылдығының жарқын символы. Оқуыңды аяқтаған соң біліміңді отанымыздың игілігі үшін жұмсайтыныңа сенімдімін» делінген.  width=Абай Нұрсұлтанов Президентке жазған хатына жауап келетінін ойламаған. «Менің жазған хатым Мемлекет басшысына жетпейтін шығар деп ойладым. Алайда, жауап хат келгеннен кейін әр адамның дауысы Президентке жететініне сендім», – дейді Абай Нұрсұлтанов. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов шетелде білім алатын студентке жарқын болашақ тіледі. Сондай-ақ Президенттің артқан үмітін ақтайтынына сенім білдірді.

Фото: inform.kz