«Мәңгілік ел» сағат стелласы ашылды
«Мәңгілік ел» сағат стелласы ашылды
706
оқылды

Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­верситеті қалашығында Тәуел­сіздігіміздің 30 жыл­дығы­на орай «Мәңгілік ел» сағаты архитектуралық құры­лысының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Керемет архитектуралық ше­шім­мен салынған биіктігі 19,3 метр сағаттың құрылысы ҚазҰУ Түлек­тер қауымдастығының бас­тамасы бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде бой көтеріп отыр. Стелла университеттің Тимирязев көшесі жағындағы – «Мәңгі­лік ел» салтанат қақпасы­нан бастау алатын орталық аллея мен сту­денттік жатақханалар қала­шы­ғы­ның арасына орналас­тырыл­ған. Салтанатты іс-шараға осы ны­сан­­ның салынуына мұрындық бол­ған ҚР  Конституция­лық Кеңе­сінің төрағасы, ҚазҰУ Түлек­­тер қауымдастығының президенті Қайрат Мәми, белгілі ақын, мемлекет және қоғам қай­раткері Олжас Сүлейменов қаты­сып, құттықтау сөздерін арнады. Сондай-ақ ашылу кезінде сөз алған аталған оқу орнының ректоры Жансейіт Түймебаев пен жобаға қаржылай қолдау көр­сеткен меценат азаматтар бұл ша­раны ең алдымен биылғы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына тартуы болса, екіншіден Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясын жандандыру екенін атап өтті. Биіктігі 20 метрге жуық сағаттың диаметрі 1 600х1 600 мм жетеді. Ал сағат қойылған стелла төрт тірекке орналастырылған. Осьтік өлшемі 3,80х3,80 м.

 Нұрболат АДЫРБЕК, Алматы қаласы