Бүгіннен бастап "Медеуге" экспресс автобустар қатынайды
Бүгіннен бастап "Медеуге" экспресс автобустар қатынайды
Сурет: depositphotos.com
258
оқылды
Алматыда 6 қарашадан бастап Медеу мұз айдынына экспресс автобустар жүре бастайды, – деп хабарлайды қаланың мобильдік басқармаcы.
"№ 9 маршрут өз қозғалысын Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайының жанындағы аялдамадан бастайды. Сондай-ақ, Мұзтау ауданындағы "Алатау" қонақ үйінің алдында аялдама болады. Автобустар таңертең сағат 09.00-ден бастап кешкі сағат 19.00-ге дейін жүреді", – делінген хабарламада.
Жолақысы 200 теңге болады. Еске салсақ, 5 қарашада "Медеу" мұз айдынында мәнерлеп сырғанау маусымы ашылды.