№5 троллейбус Абылай хан даңғылымен келе жатқанда, оған №48 бағдарындағы автобус қатты жылдамдықпен келіп соғылады. Неге екені белгісіз, автобус жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамаған.
Жол апаты салдарынан автобус қарсы бағытқа шығып кетіп, бордюрге тіреледі. Қуанышқа орай, бұл уақытта қиылыста көлік болмаған.
Апат кезінде жеті адам: екі жүргізуші мен автобустың бес жолаушысы зардап шекті. Барлығы түрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.