Қазақстан құрамасының өкілдері Белградта (Сербия) өткен бокстан әлем чемпионатында алған медальдары үшін қосымша жүлде алады. Бұл туралы Aikyn.kz Қазақстан Бокс федерациясы (ҚБФ) баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Үздіктерге AIBA қомақты сыйақы – 100 мың, 50 мың, 25 мың АҚШ долларын тағайындап отыр. Бұдан бөлек, Қазақстан Бокс федерациясы да боксшыларға қосымша жүлде ұсынады.
"Қазақстан Бокс федерациясының президенті Кенес Рақышев та боксшыларды назардан тыс қалдырмайды. Елге оралғаннан кейін жеңімпазға 70 мың, күміс жүлдегерге 50 мың, қола жүлдегерге 30 мың АҚШ долларын береді!» – деді федерациядан.