«Абай» шахтасындағы апат: апаттық-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр
«Абай» шахтасындағы апат: апаттық-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр
Сурет: depositphotos.com
300
оқылды

Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі сағат 15.00-дегі жағдай бойынша, апат болған «Абай» шахтасындағы жұмыстар туралы ақпарат берді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасында қазіргі уақытта құтқарушылар төтенше жағдайдан кейін қазбалардан газ шығару жұмыстарын орындап жатыр.
«Құрамында 12 адамы бар 2 тау-кен құтқару бөлімшесі метан газының кенеттен тарауынан кейін қазбаларды газсыздандыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Апаттық кенжарда атылған тау-кен массасының ұзындығы шамамен 20 метрді құрайды. Шахтаның басқа жерлерінде ешқандай үйінділер жоқ», - деп түсіндірді Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің Республикалық орталық штабы Қарағанды филиалының директоры Геннадий Силинский.
Еске салсақ, 7 қараша күні сағат 08:37-де Абай қаласындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Абай КД шахтасында желдеткіш Штрек 3-К10 түбінде метан газы кенеттен шықты. Шахтада барлығы 64 жұмысшы болды. 56 адам бірден өзін-өзі эвакуациялады. Абай ауданындағы шахтада метан газының жарылуы дерегі бойынша ҚР ҚК 277-бабы 3-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша соталды тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.