8 қарашаға арналған ауа райы болжамы
8 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Фото: twitter.com
217
оқылды

Солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығысында жел күшейіп, батыс және оңтүстіктің таулы аудандарында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с-ке күшейеді. Ақмола, Қостанай облыстарының солтүстігі мен орталығында жел екпіні 15-20, түнде 23-28 м/с-ке жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында, Павлодар облысының солтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді, түнде Жамбыл облысының оңтүстік шығысы мен таулы аудандарында тұман түсуі ықтимал.

Алматы облысының Алакөл көлдері аумағында жел 17-22 м/с-ке күшейеді.

Атырау облысының батысы мен солтүстігінде, түнде Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында, түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман түседі.