Тұрғымбаев полицейлердің жалақысы тағы да көбейетінін айтты
Тұрғымбаев полицейлердің жалақысы тағы да көбейетінін айтты
Фото: ozger-is.qamshy.kz
307
оқылды

Оның айтуынша, 2023 жылға дейін полицейлердің жалақысы 90 процентке дейін өседі.

«Полицейлердің жалақысы – құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында ең аз айлық. Президенттің тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдан бастап полицейлердің жалақысы кезең-кезеңімен көтеріліп жатыр. 2023 жылға дейін жалақы 50-ден 90 пайызға дейін көтеріледі. Мәселен, сержанттың жалақысы 81 мыңнан 140 мың теңгеге дейін, лейтенанттікі 103 мыңнан 174 мың теңгеге көбеймек», – деді министр Ерлан Тұрғымбаев.

Бұған дейін қызмет бабында қайтыс болған полицейлердің отбасын баспанамен қамту мәселесі туралы жазған болатынбыз.