Елбасы Қажахмет Балахметовтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады
Елбасы Қажахмет Балахметовтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады
© elbasy.kz
227
оқылды
Елбасы белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Қажахмет Балахметовтың дүниеден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты, – деп хабарлады elbasy.kz.
«Қажахмет Балахметұлы өзінің барлық саналы ғұмырын халыққа білім беру ісіне арнаған абзал азамат болатын. Ол кезінде ұзақ жылдар бойы Қазақ КСР Оқу-ағарту министрі қызметін атқарып, саланың дамуына зор еңбек сіңірді. Сонымен қатар қоғамдық істерге де атсалысып, жұртшылықтың шынайы ізет-ілтипаты мен құрметіне бөленді. Жемісті қызметі жоғары марапаттармен атап өтілді. Оның өнегелі өмірі өскелең ұрпаққа әрдайым үлгі болып қала береді» делінген жеделхатта.