4 өңірде ескерту жарияланды
4 өңірде ескерту жарияланды
Фото: Mordovmedia.ru
290
оқылды
Ертең еліміздегі 4 облыс аумағында жел күшейеді, жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал, – деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. 9 қарашада күндіз Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-ке жетеді, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 25 м/с болуы ықтимал. Петропавлда ертең күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін. Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Ақмола облысының солтүстік жартысында таңертең және күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с болады. Көкшетауда ертең таңертең және күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақтөбе облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с-ке жетуі ықтимал. Синоптиктердің ескертуінше, ертең Алакөл маңында жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 17-22 м/с-ке жетеді.