Тараздың үстіне улы заттар шашылды – фейк
Тараздың үстіне улы заттар шашылды – фейк
Сурет: pixabay
392
оқылды
Instagram әлеуметтік желісінде қолданушылар Таразда түсірілген бейнероликті талқылауда.

Кадрларда аспанда ұшып өткен ұшақтан қалған ақ із көрінеді. Автордың айтуынша, бұл - адамдарды «улайтын» химикаттар шашудың дәлелі. Бұл - жалған, деп хабарлайды Stopfake.kz.

"Жамбыл облысының әкімдігі химиялық заттарды ауаға шашу туралы ақпаратты жоққа шығарды. – Жамбыл облысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша, Таразда дезинфекция немесе аспаннан қандай да бір заттарды шашу арқылы өңдеу жүргізіліп жатқан жоқ. Дезинфекциялық іс-шаралар арнайы мекемелермен рұқсат етілген препараттармен жерүсті автокөлігімен жүзеге асырылады", – деп хабарлады ведомстводан.
Видеоға түсірілген аспандағы ақ із конденсациялық із болып табылады. Олар ұшақ суық және ылғалды ауа массаларынан өткен кезде пайда болады.