Өңірдегі өзекті мәселелер талқыланды
Өңірдегі өзекті мәселелер талқыланды
301
оқылды

«Nur Otan» партиясы жанындағы Өңірді дамыту жөніндегі Алматы облыстық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Аталған жиынға Өңірді дамыту жөніндегі облыстық қоғамдық кеңес мүшелері, ау­мақ­тық қоғамдық кеңестерінің төрағалары мен құзырлы мемлекеттік ор­гандарының басшылары қатысты.

Отырыс барысында жергілікті ат­қару­шы органдардың басшылары – Тал­ды­қорған қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Нұрым Әлиұлының, тұр­ғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Айдос Жақыпбектің,  жолаушылар көлігі және автомобиль жол­дары бөлімінің басшысы Қанат Ха­митжановтың есептері тыңдалды. Жиында Талдықорған қаласы аума­ғындағы абаттандыру жұмыстарының жайы қаралды. Мәселен, 2020 жылы қан­ша ағаш отырғызылды, 2021 жылы қан­ша ағаш отырғызу жоспарланған, қа­ла­ны абаттандыру шаралары жөнінде есеп берілді. Бұл шараларға бөлінген қар­жы мен оның игерілуі сұралды. Сон­дай-ақ қаладағы суару каналдарының жұ­мысы, пәтер иелері кооперативінің қыз­меті, аяқталған жобалар бойынша күт­пеген шығындарға бөлінген 2 пайызды өн­діру жайы талқыланды. Одан бөлек, Ын­тымақ ауылдық, Өтенай ауылдық окру­гінің проблемалық нысандары бойын­­ша, жаяу жүргіншілер өткелдері жә­не тағы басқа өзекті мәселелер талқы­лан­ды. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер жан-жақты қаралды. Баяндамашылар мен отырысқа қатысушылардың пікірі мен ұсынысы ескеріліп, тиісті ұсыным қабылданды. Хаттама жасалды, оның негізінде құ­зыретті мемлекеттік органдарға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәсе­ле­ле­рін бақылау жүргізу үшін облыстық пар­тия филиалы тарапынан ресми хат жол­данатын болады.

Би-Барыс КӨКШЕ