Түркістанда 14 үйді тонаған күдікті ұсталды
Түркістанда 14 үйді тонаған күдікті ұсталды
265
оқылды
Түркістан қаласының полицейлері 14 пәтер ұрлығына қатысы бар жігітті ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын пәтер ұрлығы туралы арызданған. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, оның үйіне терезе арқылы белгісіз біреу кіріп, құны 100 мың теңге тұратын тігін машинасын ұрлап кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді. Ұрлықты ашу мақсатында түркістандық тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел уәкілдер қажетті іс-шаралар кешенін жүргізіп, жақын маңдағы аумақтарды аралап, куәлардан сұрастырды, сондай-ақ бейнебақылау камераларын тексерді. Біршама уақыттан кейін жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде Түркістан ҚПБ-ның қызметкерлері күдікті ретінде жергілікті тұрғынды құрықтады. Тергеу барысында күдіктінің осындай 14 пәтер ұрлығын жасағаны анықталды. Қолды болған заттардың барлығы айғақты зат ретінде тәркіленіп алынып, заңды иелеріне қайтарылды. Қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Күдікті қамауға алынды. Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болу керектігін және өз үйлерін қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.