– Ескерткіш 30 жылдық тарихы бар тәуелсіз елге, оның ұлы ақыны және ойшылы Абайдың таланты мен даналығына арналған, – деді қала басшысы.Монумент суретші Саид Әйнеков пен мүсінші Тоқтар Ермековтердің туындысы. «Абай тағылымы» кешеніне ақынның қола мүсінінен басқа, қара сөздері бар бес тас плита кіреді. Салтанатты шара барысында Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған театрландырылған көрініс қойылып, өлең оқылды. Шара соңында қала тұрғындары мен қонақтары биылғы жылы жаңартылған «Наурыз» саябағын аралап көрді. Абаттандыру аясында кіреберіс жаңартылып, тротуардың бір бөлігі ауыстырылды, жүгіру жолы пайда болды. Сонымен қатар саябақта «Наурыз көже», «Домбыра» және «Тайқазан» шағын сәулет нысандары да бөй көтерген. Қараңғыда қала тұрғындары төрт музыкалық шамды тамашалай алады. Бұл жерге 150 терек, қарағай және қарағаш көшеттері отырғызылды. Алдағы уақытта қала билігі «Руханият» аллеясын салуды жоспарлап отыр. Мұнда Ұлытау-Жезқазған аймағының қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосқан мәдениет және өнер қайраткерлеріне арналған ескерткіш белгілер орнатылады.
Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,
Қарағанды облысы