Жамбыл облысында жыл басынан бері интернет-алаяқтықтың 301 дерегі тіркелсе, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 72 пайызға жоғары.
Полиция қызметкерлерімен 44 алаяқ ұсталса, оның 14-і басқа облыстардың тұрғындары. Сондай-ақ ТМД аумағында өңір азаматтарына қатысты интернет желісі арқылы 82 алаяқтық дерегі жасалған. Көбіне, мұндай фактілер банктік карталар мен шоттардан қаражат ұрлаумен, азаматтардың жеке деректерін алаяқтық жолмен пайдаланумен, тауарларды сату немесе қызметтерді көрсету туралы хабарландырулар берумен, сондай-ақ ақшаны пайдалы бизнеске салу туралы жарнамалармен байланысты орын алған. Сол себепті қазіргі таңда облыстық Полиция департаменті екінші деңгейдегі банктердің өкілдерімен кибер алаяқтықтың алдын алу бойынша бірлескен жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ департамент мамандары жүргізген тексерістің қорытындысында алаяқтық сипаттағы 50-ге жуық хабарландыру мен 115 интернет-ресурс көздері анықталып, бұғатталып отыр.