Ақмола облысында 15 жастағы қыз аулада асылып қалды
Ақмола облысында 15 жастағы қыз аулада асылып қалды
Фото: news.myseldon.com
199
оқылды

ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 қараша күні Ақмола облысы Астрахан аудандық полиция бөліміне орталық аудандық аурухана фельдшерінен әйелдің 15 жастағы жасөспірімді ұрып-соғып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Астраханка ауылының тұрғыны үйінің ауласындағы қорада асылып қалған.
«Сараптама тағайындалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық кодекстің 105-бабы «Өз-өзіне қол жұмсауға апару» бойынша тергеу жүргізілуде», – деді департамент өкілі.

Бұған дейін Алматыда мектеп оқушысы 11-қабаттан секіріп кеткенін жазған болатынбыз.