Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ревакцинация 22 қарашада басталатынын айтты.
Министр бұған дейін де тұрғындарды ревакцинациялау туралы бірнеше рет айтқан болатын.
«Қазақстанда ревакцинация 22 қарашада 2 кезеңмен басталады», – деді Алексей Цой.
Ең бірінші кезекте ревакцинациядан медицина саласының қызметкерлері, педагогтер, медициналық-әлеуметтік мекеме қызметкерлері мен контингенті, жабық балалар мекемелері, күштік құрылым қызметкерлері өтетін болады.