Министрдің айтуынша, балаларға коронавирусқа қарсы вакцина білім беретін мекемелердің егу пункттерінде салынады.
«Балаларға вакцина бұрыннан оқу орнындағы екпе егу пункттерінде, яғни білім беру мекемесінде салынады. COVID-19-ға қарсы вакцинация білім беру ұйымдарында және республиканың егу пункттерінде де жүргізілді. Вакцина балаларға ата-анасы келісім берсе ғана салынады», – деді министр.
Сондай-ақ ол вакцинаны 12-17 жас аралығындағы балалар, жүктіліктің 16-37 аптасы мерзіміндегі жүкті әйелдер, босанғаннан соң 42 күннен кейін бала емізетін әйелдер де салдыра алатынын айтып өтті.