Баспана бағасы күннен-күнге қымбаттап жатыр
Баспана бағасы күннен-күнге қымбаттап жатыр
Фото: damu.kz
146
оқылды

Қыркүйек пен қазан аралығында тек тұрғын үйдің ғана емес, пәтерді жалдау ақысы да айтарлықтай өскен. Бағаның өскенін Ұлттық статистика бюросы растады, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдай күн сайын өзгеріп жатыр. Тек қана соңғы айда жаңа пәтерлердің бағасы екі пайызға өскен. Одан қарағанда екінші нарықтағы тұрғын үй құнының өсуі бір пайызға кем. Пәтерлерді жалдау ақысы да айтарлықтай өсті. Соңғы бес жылда жаңа жылжымайтын мүлік кемі 30-40 пайызға қымбаттаған. Абаттандырылған екінші нарықтағы баспаналар жалға берілетін үйлердің өсімінен әлдеқайда төмен.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, жаңа пәтерлердің шаршы метрі Алматы мен астана түгілі, кейбір аймақтардың өзінде 350 мың теңгеден асады. Бұған дейін қолданыста болған баспананың бір шаршы метрі 279 мың теңгеден басталады.