"Қар жауып, көктайғақ болады": 6 облыста ескерту жарияланды
"Қар жауып, көктайғақ болады": 6 облыста ескерту жарияланды
© wikipedia.org
410
оқылды
11 қарашада еліміздің 6 облысында ауа райы күрт құбылады, қар жауып, көктайғақ болады, жел күшейіп, жаяу борасын соғады, – деп хабарлайды "Қазгидромет"  РМК. 11 қарашада күндіз Қызылорда облысының солтүстік-батысында жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 11 қарашада Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында тұман түсуі ықтимал. 11 қарашада түнде Түркістан облысының оңтүстік және таулы аудандарында тұман түсуі мүмкін. 11 қарашада Ақмола облысының солтүстік-батысында, шығысында көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысында жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында, күндіз солтүстік-батысында 15-20 м/с-ке күшейеді. Көкшетауда ертең көктайғақ болуы мүмкін. 11 қараша Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі, түнде облыстың шығысында көктайғақ болуы мүмкін. Жел солтүстіктен оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Оралда ертең таңертең және түнде тұман түседі. 11 қарашада түнде Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында және орталығында жаңбыр, қалың қар жауады. Облыстың солтүстігінде және шығысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Ақтөбе қаласында ертең көктайғақ болады.