Екібастұзда ер адам сүйіктісін өртеп жібермек болған. Полицияға 52 жастағы әйел адам шағым түсірді, – деп хабарлайды Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Әйел адамның айтуынша, ол 61 жастағы ер адаммен жарты жыл бірге тұрған. Бірақ айырылысып кеткеннен кейін ер адам ізінен аңдығанын тоқтатпаған.
Ер адам сүйіктісі қайта оралмайтынын түсінгеннен кейін үлкен қылмысқа бармақ болып ниеттенген.
«2 қазан күні 17:30-да ер адам 52 жастағы тұрғынның ауласына барып, өзінің және оның үстіне бензин құйып өртеп жібермек болды. Осылайша өлтірмек болып қорқытады. Әйел адам қашып құтылып, туған-туыстарына хабар берді», – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Ер адамға қатысты ҚР ҚК 115-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.