Жамбыл облысында жасөспірім оқ жарақатынан көз жұмды
Жамбыл облысында жасөспірім оқ жарақатынан көз жұмды
Фото: Zakon.kz
276
оқылды
Жамбыл облысы Меркі ауданында сегізінші сыныптың оқушысы оқ жарақатынан қаза болды.
Биылғы жылдың 9 қарашасында Меркі аудандық полиция бөліміне орталық аудандық ауруханаға пневматикалық қарудан алған дене жарақатымен түскен Тескентоған ауылының 14 жастағы тұрғынының қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Тергеу-жедел тобы ата-анасының рұқсатынсыз қару алған марқұмның досымен бірге далада құс атқанын, сол кезде оқтан жараланғанын анықтады, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және зерделеу мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде.
Осыған орай, барша ата-анадан өз балаларына мұқият болуды, заңда белгіленген тәртіпке сай тіркелген қаруды сақтауды сұраймыз! – деп ескертті полициядағылар.