Алматыда белгісіз біреулер жүріп бара жатқан жолаушылар автобусының төбесінде отшашу атқан.
Әлеуметтік желілерде оқиғаның видеосы пайда болды. Видеодан біреулердің автобустың төбесінде отшашуды тұтандырып, артынша секіріп қашып кеткен."Алматы Полиция департаментінің тиісті бөлімшелері бұзақыларды анықтау, оларды ұстау және жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс істеп жатыр", – деді қалалық ПД баспасөз қызметі.