«Нұрлы жер»: Амандық Баталов Алматы облысында 1 миллион шаршы метр баспана пайдалануға берілетінін айтты   
«Нұрлы жер»: Амандық Баталов Алматы облысында 1 миллион шаршы метр баспана пайдалануға берілетінін айтты   
Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
356
оқылды

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов халық алдында есеп берді.

Облыс әкімі «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үйлердің пайдалануға берілетініне тоқталды.

«Алматы облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша биыл 1 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарда бар. Осы уақытқа дейін оның 835 мың шаршы метр пайдалануға берілді. 1 824 пәтерлі 271 тұрғын үй салынып жатыр. Соның арасында 741 пәтерлік 121-і тапсырылды. Жеке құрылыс компаниялары 952 пәтерлік 13 үйді пайдалануға берді. Бүгінде 1 307 отбасы пәтер кілтін алды. Атап өтер жайт, оның ішінде, 327-сі көпбалалы және әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылар», – деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

Бұған дейін Амандық Баталов кәсіпкерлердің кредитін кейін төлеуге жеңілдіктер жасалғаны туралы айтқан болатын.