«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Ұлт денсаулығы мәселелері» жөніндегі қоғамдық кеңестің 10 айда атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Жиынды партияның қалалық филиалы төрағасының орынбасары, фракция жетекшісі Бекайдар Төлегенов ашып, жүргізіп отырды.
«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы бойынша Шымкент қаласының Жол картасына енген әлеуметтік саланың бірі – медицина. Ол бойынша биылдыққа 17 іс-шара қарастырылған. Биыл 2 медициналық нысанның орнына жеке инвесторлар 5 медициналық орталық (Модульді жұқпалы аурулар ауруханасы, «Қазығұрт» клиникасы, Asem Medikal медицина орталығы, Sunkar Premium медицина орталығы, №14 емдеу орталығы) ашты, тағы 3 медициналық мекеменің күрделі жөндеу жұмысы аяқталу үстінде. Сайлауалды бағдарламада негізгі басымдық берілген тағы бір сала – спорт. Жол картасына сәйкес биыл 10 іс-шара жоспарланып, «Бұқаралық спортты дамыту» бағыты бойынша Шымкентте 7 стрит-воркаут алаңшасы ашылды. Сондай-ақ бюджет есебінен – 101, демеушілер есебінен 14 спорт алаңшасын ашу жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы, Шымкентте қазір 37 спорт секциясы жұмыс істеп тұр. Биыл жеке инвесторлар есебінен 1 200 орындық 2 спорт кешені ашылды.«Жол картасына енген нысандарда күрделі жөндеу жұмыстарының тиімді іске асырылуын және пандемияға байланысты денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер дер кезінде партияның бақылауына алынып, шешу мақсатында іс-шаралар өткізілді. Осы мақсатта бүгінге дейін Қоғамдық кеңесте жалпы саны 4 жоспарлы отырыс, 1 кезектен тыс отырыс, 3 азаматтарды қабылдау, 10 медициналық нысан мен 1 спорттық нысанда 4 көшпелі іс-шаралар өткізілді»,– деді Бекайдар Төлегенов.Одан бөлек, сирек кездесетін аурулары бар азаматтарға Қоғамдық кеңес тарапынан қолдау көрсетілді. Жалғыз қызымен тұратынын денсаулығы нашар жалғызбасты анаға қаржылай көмек көрсетілді.
Би-Барыс КӨКШЕ