Биыл Тәуелсіздігімізге – 30 жыл. Яғни, үш он жылдықты артта қалдырдық деген сөз. Осы уақытта Қарағанды облысы Қазақстанның ең дамыған индустриялық аймақтарының біріне айналды. Өйткені мұнда осы жылдар ішінде бірнеше зауыт ашылып, ел игілігіне жұмыс істеуде.
1991 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңде өнеркәсіп өнімінің көлемі 27,1 миллион теңгеден 3 триллион теңгеге дейін өсті. Өңдеу өнеркәсібінде 21 млн теңгеден 2,3 трлн теңгеге дейін артты. 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы өнеркәсіп өндірісі қоса алғанда 3 070,7 млрд теңгені құрады. Ал өңдеу өнеркәсібінде – 2 493,5 млрд теңге. Тәуелсіздік жылдарында (1997 жылдан бастап) облыста Saryarka ENERGY, «Болат өндіруді ұйымдастыру» сияқты жаңа ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындары іске қосылды. «Каз Метиз», «Коунрад Мыс Компани» ЖШС, «Алтыналмас» АҚ, «Каражал Оперейтинг» ЖШС, «Тау-кен өндірісінің құрылысы және пайдалану» және «Көктасжал» кен орны негізіндегі өңдеу кешені «Алтай Полиметалл» ЖШС, «Ферросилиций зауытының құрылысы», YDD Corporation ЖШС ашылды. Жолаушылар автобустарын, тау-кен, құрылыс және жол техникасын шығару Yutong Qaztehna ЖШС және «Жәйрем тау-кен байыту комбинаты» АҚ полиметалл фабрикасы сияқты серпінді жобалардың іске асуы облыс экономикасы үшін маңызды. Экономиканы әртараптандыру және шикізатқа тәуелділіктен шығу шеңберінде 2010 жылы Қазақстан Республикасын үдемелі индустриалық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Индустрияландыру жылдарында (2010-2020 жылдары) облыста 387,3 млрд теңгеге 94 жоба жүзеге асырылды және де 7 937 тұрақты жұмыс орны ашылды. 2021 жылдың бірінші жартысында 6 жоба енгізіліп, мыңдаған адам жұмыспен қамтылды. Мысалы, Жәйремдегі байыту зауыты, құны – 190 млрд теңге, 381 жұмыс орны; YUTONG автобустарын шығару, шағын құрамды құрастыру (ҚХР), құны – 22,1 млрд теңге, 400 жұмыс орны; «ҚазКарБон» ЖШС байыту зауытының құрылысы, құны – 12 млрд теңге, 104 жұмыс орны; «Трубпром» ЖШС полиэтилен құбырларын өндіру, құны – 1,3 млрд теңге, 50 жұмыс орны; FL Smidth ЖШС сервистік-техникалық орталығы, құны – 1,2 млрд теңге, 50 жұмыс орны; «ПИК Ютария» ЖШС Қарағанды қаласында тігін бұйымдарын өндіру, құны – 0,4 млрд теңге, 200 жұмыс орны құрылды. Тәу еткен жалғыз кие – Тәуелсіздіктің 30 жылдығына Қарағанды облысы осындай жетістіктермен жетіп отыр. Минералдар мен шикізатқа бай, аумағы мен өнеркәсіптік әлеуеті бойынша ең ірі облыс – Қазақстандағы үлкен индустриалды орталық. Өзінің экономикалық, мәдени, ғылыми әлеуеті мен инфрақұрылымының дамуы бойынша облыс Қазақстандағы жетекші орындардың біріне ие болып қала береді.Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ, Қарағанды облысы