Өткен тәулікте пневмониядан 4 адам қайтыс болып, 206 адам емделіп шықты. Жалпы, былтыр 13 наурыздан бастап пневмониямен ауырғандар саны – 80 905 адам. Сондай-ақ 5084 адам аурудан қайтыс болды. 70 696 адам емделді.
12 қарашадағы мәлімет бойынша, 36 648 адам коронавирустан (–31 523+ және 5 125 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде:
6 542 пациент стационарда,
30 106 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.