«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 13-15 қарашада ауа райына солтүстік-батыс циклоны әсер етеді.
Батыстан шығысқа қарай жылжи отырып, республиканың барлық өңірін қамтиды, осыған байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түсіп, көктайғақ, солтүстікте бұрқасын болып, екпінді жел күтіледі.
Батыста ауа температурасы түнде -5 градусқа дейін аяз болады. Күндіз 10 градусқа дейін жылынады. Солтүстікте, солтүстік-батыста және шығыс пен орталықта түнде 1-10 аяз, күндіз 5 аяз – 7 жылу, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 1-10 аяз, күндіз 2-10 жылы болады.