Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ауыл шаруашылығы министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу аясында Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерін ұстады, – деп хабарлайды агенттіктің Telegram-дағы ресми арнасы.
Ведомствоның мәліметінше, олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы ірі қара мал мен ұсақ малды жедел және кедергісіз өткізгені үшін кеден бекеттерінде кәсіпкерлік субъектілерінен жүйелі түрде пара алған.
Қазіргі уақытта бірқатар лауазымды тұлға ұсталып, Шымкент қаласы бойынша ІІД УҰИ-ға қамауға алынды.
"Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді" делінген хабарламада.
Бұған дейін ауыл шаруашылығы саласына бөлінген субсидияны жымқырған бір топ шенеунік ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.