«Қаламызда қазірдің өзінде 12 мен 17 жас аралығындағы 1619 бала екпе алуға келісім берген. Ата-анасының рұқсатымен тізімдер бар. Егер ата-анасының келісімі болмаса, бірақ жасөспірім өз бетінше салдырмақ болса, бұл жағдайда ата-анасының біріне телефон соғып, олардың келісімін сұрауға тура келеді», - деді басқарма басшысының орынбасары.Оның айтуынша, ата-аналарға медициналық мекемеде балаларымен бірге болуы міндетті емес. «Әрбір ата-ана қажет деп тапса, жеке шешім қабылдай алады. Қаласа, баласына екпе салғанда бірге болар, болмаса бастапқыда берген келісімін басшылыққа алып екпе сала аламыз», – деп түсіндірді ол. Айта кетейік, кешегі өткен брифингте Алматы қаласы бойынша 30 мыңнан астам ата-ана балаларына Pfizer вакцинасын салуға рұқсат берілгендігі айтылған болатын. Балаларға екпе салу алдымен 16-17 жастағы жасөспірімдерден басталады. Аталған вакцина түрі елімізге кеше жеткізіліп, оның 46 800 дозасы Алматы қаласында қалдырылған-тын. Елімізде Pfizer вакцинасы алдымен жүкті, емізулі баласы бар және 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдерге салынады деп жоспарланған.
Нұрболат АДЫРБЕК, Алматы