Вакцина салдырған соң қанша қазақстандық көз жұмғаны белгілі болды
Вакцина салдырған соң қанша қазақстандық көз жұмғаны белгілі болды
pnp.ru
240
оқылды
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қандай вакцинадан кейін қанша адам қаза тапқанын айтып берді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
«2021 жылдың ақпан мен қазан айларының аралығында вакцина алған азаматтардың арасында 930 өлім-жітім тіркелді. Ал вакцина алмағандардың арасында 13 165 адам көз жұмды. Өздеріңіз де айырмашылықтың 16 еседен жоғары екенін көріп отырсыздар. Вакцина алмағандардың арасында өлім-жітім өте көп», – деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Оның нақтылауынша, 47 адам «CoronaVac», 681 адам «Спутник V», 75 адам «Hayat-Vax», 2 адам «Vero Cell», 33 адам Vero Cell Sinopharm және 36 адам инактивтелген Sinopharm SARS-CoV-2 вакцинасын алғаннан кейін көз жұмған. Ал QazVac-тан кейін 27 адам қайтыс болған. Ал Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова вакцинаның 1 және 2-компонентін алғаннан кейін 40 734 адам вирусты қайта жұқтырып алғанын айтады.