Өз ұлын аяусыз балталап өлтірген зейнеткерге үкім шықты. Қостанай облысының қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты 73 жастағы Владислав Грековты соттады. Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, прокурор айыпталушыға 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған.
«Сот айыпталушының кінәсін мойындағаны мен істеген қылмысы үшін өкінетіндігін және қылмыстың алкогольдік ішімдік ішіп жасалғаны мен оның егде жастағы адам екенін ескерді. Сот айыпталушыға 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – делінген хабарламада. Сонымен қатар сот жәбірленушінің әпкесінің талабын да қанағаттандырды. Зейнеткер оған 1 миллион теңге көлемінде материалдық және 134 107 теңге көлемінде мүліктік өтемақы төлеуге тиіс. Үкім заңды күшіне енді. Зейнеткер Владислав Греков өзінің 30 жастағы ұлы Василий Скиданенконы басынан 30 рет балтамен ұрып өлтірген.М.ЖАЛҒАСҰЛЫ