Ұлын өлтірген зейнеткер сотталды
Ұлын өлтірген зейнеткер сотталды
132
оқылды

Өз ұлын аяусыз балталап өлтірген зейнеткерге үкім шықты. Қостанай облысының қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты 73 жас­тағы Владислав Грековты соттады. Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәлі­метінше, прокурор айып­талу­шыға 11 жыл бас бостан­дығынан айыру жазасын сұраған.

«Сот айыпталушының кінә­сін мойындағаны мен істеген қылмысы үшін өкінетіндігін және қылмыстың алкогольдік ішімдік ішіп жасалғаны мен оның егде жастағы адам екенін ескерді. Сот айыпталушыға 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – делінген хабарламада. Сонымен қатар сот жәбір­ленушінің әпкесінің талабын да қанағаттандырды. Зейнеткер оған 1 миллион теңге көлемінде материалдық және 134 107 теңге көлемінде мүліктік өтемақы төлеуге тиіс. Үкім заңды күшіне енді. Зейнеткер  Владислав Греков өзінің 30 жастағы ұлы Василий Скиданенконы басынан 30 рет балтамен ұрып өлтір­ген.

М.ЖАЛҒАСҰЛЫ